Ресми салтанаттан кейін орын алған сұхбат барысында Елші НАТО Бас хатшысына Қазастан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бастамаларымен таныстырды.
Й. Столтенберг Қазақстандық бітімгершілік ротасының 120 әскери қызметшісі «Индбат» үнді батальоны құрамында «Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері» миссиясына қатысу үшін Ливан Республикасына жіберілуін қызығушылықпен қабылдады.
А. Құспан еліміз Сириядағы жанжалды тоқтату және сол елде бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату процесіне белсенді атсалысып келе жатқанына назар аударды. Оның бір жарқын дәлелі ретінде соңғы екі жыл ішінде Сирия бойынша Астана процесінің 11 раунды өткізілгені айтылды.
Сонымен қатар, Елші Президент Н. Назарбаевтың тапсырмасымен Сириядағы соғыс аймағынан 47 Қазақстан азаматтарын, соның ішінде 30 баланы елге қайтаруға бағытталған «Жусан» операциясының сәтті жүзеге асырылғанын атап өтті.
Халықаралық мәселелерден басқа, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму келешегі бойынша пікір алмасты.