Аймақтар • 21 Қаңтар, 2019

Қармақшыдағы зауыт қалдықсыз жұмыс істейді

607 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Дүр Оңғар ауылында ашылған зауыт қалдықсыз жағдайда жұмыс істейді.

Қармақшыдағы зауыт қалдықсыз жұмыс істейді

Тәулігіне 66 тонна күріш ақтайтын зауыт оның қалдығын да қажетке жаратып отыр. Енді күріш кебегі мал азығына, бордақылауға пайдаланылады. Бұл іспен «Жаңажол» шаруа қожалығы айналысып келеді.

- Бұрынғы күріш ақтайтын диірменнен айырмашылығы көп. Мұнда фотосеператор қызыл күріштен ажыратады. Айта кетерлігі, сағатына 5 тонна күріш шығаруға әбден болады. Өнімді еліміздің бірқатар өңірлеріне жіберіп жатырмыз. Келешекте экспортқа шығаруды жоспарлап отырмыз, - деді шаруа қожалығының бас агрономы Төлеу Ерғалиев.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы