
Іңгәлап дүние есігін ашқан сәби 5-6 айдан кейін немесе 1 жасқа да жетпей жарық дүниемен қоштасатын болса, бұдан артық қасірет бар ма? Бұған кім кінәлі? Қорғасындай ауыр сауалға біржақты жауап қайтару қиын-ақ. Соңғы жылдары Ақтөбе аймағында сәбидің дүниеге келу деректері өскенімен олардың шетінеп кету көріністері көбейіп келе жатқаны алаңдатпай қоймайды. Яғни бала туу көрсеткеші екі пайызға артқанымен, сәби өлімі бір пайызға көбейгені алдыңғы жағымды жайтты жоққа шығарғандай әсер қалдырады. Қазіргі қолда бар деректер облыстың Қобда, Мұғалжар және Байғанин аудандарында нәрестелердің өлімі көбірек тіркелгенін көрсетеді. Дәрігер-мамандар мұның бірнеше себебін алға тартады. Бұл бағытта бұған дейін жасалған талдаулар мен зерттеулер сәбидің өліміне негізінен туабіткен ақаулар басты себепші екенін көрсетеді. Оның ішінде туабітті жүрек дімкәсі, хромосомдар мен бүйректің бүлінуі, бас сүйек пен мидың өзгеріске ұшырауы секілді паталогиялық сипаттағы кінараттар бар екен.
Сондай-ақ облыстық балалар ауруханасы балалар кардиохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Әнуар Досмағамбетовтың айтуынша, тамырлардың кейбір құрамдас бөліктері жаратылмаған немесе тамырлары тарылған күйінде дүниеге келетін сәбилер де кездесетін көрінеді. Мұндай нәрестелер дұрыс тыныс ала алмайды. Қалыпты қан айналымы болмағандықтан жүрегі сәбиді оттегімен қамтамасыз ете алмайды. Яғни оның мөлшері тек алпыз пайыз төңірегінде болады. Соның салдарынан өкпе мен бүйрекке және басқа зақым келеді. Шұғыл медициналық көмекті қажет ететіндер де көбіне көп осындай туабітті ақауы бар сәбилер. Баланы ана босана салсымен мұндай нәрестелерді ота жасау үшін бізге жолдайды. Оған шұғыл көмек берудің, шақалақты өлім халінен алып қалудың қам-қарекетін жасаймыз. Бүгінгі заманауи қондырғылардың сәби дертін тез анықтауға көмегі көп, әйтсе де, өкінішке қарай, барлық ота нәтижелі аяқтала бермейді, - дейді ол.
Бүгінгі күні жаңа туғандар ақтөбелік денсаулық сақшыларынан кәсіби шеберлік пен біліктілікті талап етеді. Интернет көздерінен алынған кейбір деректер республикамызда әр жыл сайын 1,5 мың балаға ота жасалатынын көрсетеді. Оның шамамен 600-ы Астанада, 400-і Алматыда жасалса қалған өңірлерде жасалады екен. Алайда балалар кардиохирургиясы деңгейі барлық жерде жоғары деп айтуға тағы да ауыз бара бермейді. Дегенмен еліміздің батыс өңірінде Ақтөбедегі балалар кардиохирургиясының базасы салыстырмалы түрде алғанда кеңірек екені де анық. Алдағы уақытта осы мүмкіндік пен әлеует толықтай пайдаланылса, мүмкін өңірдегі сәби өлімінің деңгейі төмендер ме еді деген ой келеді.
Әрине, сәбидің дүниеге он екі мүшесі сау, туабітті дертсіз келуінің басты факторы анаға байланысты екені анық. Егер олар екіқабат кезінде өзінө-өзі дұрыс күтіп, жүктілік талаптары мен нормалар дұрыс сақтаса, оқыс оқиға бола қояр ма екен? Ұл үшін алдын ала тексерулер мен зерттеулерден өтудің тигізетін пайдасы мол. Яғни мұның өзі әйелдер мен аналардың жүктілікке дейінгі кезеңін қоса қамтитын кешенді үдерістер деп тұжырымдайды медицина мамандары.
Бір сөзбен айтқанда, жүктілікке дейінгі кезеңнің өзінде болашақ аналардың арнайы дайындықтан өтуі – болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алудың басты жолы болып шығады. Қосалқы аурулар, құрсақ ішіндегі инфекциялар болса, бала көтерместен бұрын олардың емделгендері жөн. Алайда кейбір екіқабат аналар бұған көңіл аудара бермейді дейді акушер-геникологтар. Әрине, медальдың екі жағы бар екені белгілі. Бұған дейінгі тәжірибелер ультрадыбыстық зерттеулер кезінде анықталмайтын жайттар да жиі кездесетінін көрсетеді. Бұл орайда оны жүргізген дәрігерлерді ақтап алудың да ешқандай жөні болмаса керек. Қалай дегенде де, бүгінгі күні бала өлімінің алдын алу үшін терең ультрадыбыстық зерттеулер мен анықтаулар деңгейін тереңдетудің тигізетін көмегі көп екені кәміл.
Осы орайда Ақтөбеде биыл ультрадыбыстық зерттеулер орталығын ашу белгіленгені де сәбилер өлімін азайтуға септігін тигізеді деген ойдамыз. Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев қазір бұл үшін жеке компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатқанын алға тартты. Алдын ала белгіленген жоба мен жоспар бойынша аталған орталық өз жұмысын алғашқы жартыжылдықта бастамақ. Тағы бір жағымды жайт, жоба іске қосылғаннан кейін нәрестелер арасындағы туабітті ақаулар ультрадыбыстық зерттеулер арқылы жүктіліктің ерте кезеңінде анықталмақ. Осы арқылы облыста сәби өлімі көрсеткішін төмендету жолдары қарастырылған.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе
Елбасы мемлекеттік наградаларды табыс етті
Қазақстан • Бүгін, 20:20
Маттео МАЦЦОНЕ: «Мен Алматы ұлттың мәдени астанасы екендігі жайлы жиі естуші едім»
Аймақтар • Бүгін, 20:17
Президент мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды табыстауға арналған салтанатты рәсімге қатысты
Президент • Бүгін, 18:50
Нұр-Сұлтанда «Поэзия Падишасы» атты әдеби-сазды кеш өтті
Қазақстан • Бүгін, 18:46
Гаэтанно Доницеттидің «Дон Паскуале» операсын бірінші алматылық журналистер тамашалады
Аймақтар • Бүгін, 18:44
Елордада көпбалалы аналар алтын және күміс алқалармен марапатталды
Қазақстан • Бүгін, 18:13
Алматыда «Инемен жазылған кескіндеме» атты көрме ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:57
Алматы облысында жасөспірімдерді зорлау оқиғасы көбейді
Аймақтар • Бүгін, 17:54
Елордада иппотерапиямен айналысу үшін жабық манеж салынады
Қазақстан • Бүгін, 17:51
Сенат комитетінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер қаралды
Парламент • Бүгін, 17:48
Алматыға 62 жылдан кейін әйгілі «Дон Паскуале» операсы оралды
Аймақтар • Бүгін, 17:41
«Орбұлақ шайқасы» көрерменге жол тартады
Кино • Бүгін, 17:27
Нұрлан Ноғаев: «Экология проблемасы Атырау облысының барлық тұрғындарын алаңдатады»
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Шеңгелдінің алтын-күмістерімен айшықталған жібектері
Аймақтар • Бүгін, 17:11
Алматыда «Ұлы дала – түркі халықтарының ортақ мекені» конференциясы өтті
Аймақтар • Бүгін, 17:07
Атырау тұрғындарының 80% МӘМС жүйесінде сақтандырылған
Аймақтар • Бүгін, 17:03
Алматы облысында ана мен бала өлімінің 12 дерегі тіркелді
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Ирактан қайтарылған балалар туыстарымен қосылды
Үкімет • Бүгін, 16:46
Алматыда үздік детектив шығарма иелері марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 16:44
Сенатта «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды
Парламент • Бүгін, 16:41
2025 жылға дейін Маңғыстауда 40 инвестициялық жоба жүзеге асады
Аймақтар • Бүгін, 16:37
«Қарақия – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:27
Сыйақы қоры – бес миллиард теңге
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Маңғыстаулық полицейлер Түпқараған ауданында болды
Аймақтар • Бүгін, 16:03
Маңғыстаулық еріктілер әлеуметтік көмектер көрсетуде
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Ақтауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін атап өтті
Аймақтар • Бүгін, 15:47
Болат Хабижанұлы «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды
Руханият • Бүгін, 15:44
Қазақстан • Бүгін, 15:41
Бұл шара – біздің Тәуелсіздік күніне тартуымыз
Қазақстан • Бүгін, 15:35
Елордада заңсыз салынған нысандар сүрілетін болады
Қазақстан • Бүгін, 15:31
Нұр-Сұлтанда АҚИҰ штаб-пәтері ашылды
Үкімет • Бүгін, 15:28
Алматының Бас құжатының соңғы нұсқасы талқыланып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:21
Көксу ауданының дәрігерлері көне ғимараттарда қызмет көрсетуде
Аймақтар • Бүгін, 15:14
Қостанайда балаларға арналған оңалту орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 15:11
Алматы облысында тұрғыны аз ауылдың ауруханасы оңтайланбақ
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Жансейіт Түймебаев «Egemen Qazaqstan» газетінің журналистерін марапаттады
Руханият • Бүгін, 13:05
Д.Назарбаева Мал шаруашылығы және ет-сүт кешенінің өкілдерімен кездесті
Парламент • Бүгін, 12:56
Д. Назарбаева астық бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті
Парламент • Бүгін, 12:51
Елордада ÁMEN анимациялық кинофестивалінің тұсаукесері өтті
Қазақстан • Бүгін, 12:46
Елордада мереке күндері қоғамдық көлік күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді
Қазақстан • Бүгін, 12:43
Бүгін «Мастерс» турнирі басталады
Күрес • Бүгін, 12:38
Алматыда «Латын графикасына көшудің стратегиясы, ұлт болашағы» тақырыбында семинар өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:22
Цифрлы қоғамның қаламгерлерінің атына ашылған веб-сайттың сертификаты табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:11
Алматының үздік боксшылары анықталды
Бокс • Бүгін, 12:02
«Өрлеуде» конкурс жеңімпаздары марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 11:52
ҚАЖ қызметкерлері тарихи мұражайға барды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Бокс: Жарыс жеңімпаздарына спорт шебері атағы берілсе игі
Бокс • Бүгін, 11:40
Діни рәсімдердің өз тәртібі бар
Қазақстан • Бүгін, 11:27
Руханият • Бүгін, 11:08
Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
Президент • Бүгін, 11:07
Қорғаныс министрлігінде әскери спортшыларға құрмет көрсетілді
Үкімет • Бүгін, 11:01
Норвегияда «Әміре» фильмі көрсетілді
Әлем • Бүгін, 10:53
Б. Мәкен «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Орталық музейде «Алтын орда - қазақ мемлекетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды
Аймақтар • Бүгін, 10:34
Алматыда зорлық-зомбылық экстремизмді алдын алу мәселелері талқыланды
Үкімет • Бүгін, 10:19
Алматыда «Қазақтелефильм» студиясына ескерткіш тақта орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 10:12
Футбол: Чемпиондар лигасының плей-офф додасына шыққандар анықталды
Футбол • Бүгін, 10:06
Халық әртісі Еркеғали Рахмадиевтің үйіне ескерткіш тақта қойылды
Қазақстан • Бүгін, 10:00
Кәсіпқой бокс: Алматыда кімдер жұдырықтасады?
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:50
Облыстық Ассамблея жылды қорытындылады
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Білім беру сапасын қалай арттыруға болады?
Парламент • Бүгін, 09:30
А. Мамин Лондон қаласына жұмыс сапарымен барды
Үкімет • Бүгін, 09:26
Алматы облысында субсидия алмаған шаруа 3 жылдан бері әділдік іздеп жүр
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:22
Жылдың қорытынды турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 07:17
«Алтын сақа» үздіктері анықталды
Ұлттық спорт • Бүгін, 07:15
Руханият • Бүгін, 07:09
Қоғам • Бүгін, 07:04
Қайырымдылық жобаларына 6 млрд теңге бөлген қор
Қоғам • Бүгін, 07:02
Ұқсас жаңалықтар