Аймақтар • 21 Қаңтар, 2019

Қарағандыда мамандандырылған фронт-офис ашылды

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданының №3 аудандық сотында өңірдегі тұңғыш мамандандырылған фронт-офис келушілерге есік ашты.

Қарағандыда мамандандырылған фронт-офис ашылды

Сот жүйесін жаңғырту мақсатында құрылған фронт-офис үш аумақтан тұрады. Ақпараттандыру орталығында тұрғындар кеңес беруші қызметкерлердің көмегіне жүгіне алады. Сонымен қатар, бұл жерде келіп түсетін кеңсе құжаттар аумағы мен өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы бар. Сотқа келушілер «Сот бөлмесі» ақпараттық жүйе қызметін, wi-fi желісін және гаджеттерге арналған қуаттандыру құралдарын қолдана алады. Сондай-ақ, медиаторлар мен адвокаттар үшін арнайы бөлмелер де қарастырылған.

– Бұрын мұнда аядай күту залы мен құжаттар беретін екі терезе ғана болған. Өте ыңғайсыз еді. Енді бұл жер кеңейтілді, кеңесшілер бар, келіп түсетін және берілетін корреспонденцияны қабылдап-беріп тұратын қызметкерлер қарастырылған. Сонымен қатар, фронт-офисте адвокаттар мен медиаторлар қызмет көрсетеді. Осының барлығы тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жасалған, – дейді Октябрь ауданының №3 аудандық сотының төрағасы Ерлан Шегенов.

Жыл соңына дейін Қарағанды облысының көпқұрамдық соттарында осы секілді 7 фронт-офис ашу жоспарда бар. Бұл туралы облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов мәлімдеді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50