Аударма • 22 Қаңтар, 2019

Әлемдегі ең қауіпті вирус

66 реткөрсетілді

Масаларда болатын Рифт-Валли безгегі жүктілік кезінде аналардың жатырына орасан зиян келтіруі ықтимал. Мұндай нәтижені соңғы жүргізілген зерттеудің нәтижесі көрсетіп отыр. 

Рифт-валли безгегі әдетте малдарда жиі кездеседі. Кенияда қойдан қан алу сәті. Симон МАЙНА, Agence France-Presse — Getty Images)

Эмили БАУМГАРТНЕР,

«Нью-Йорк Таймс»

Таяуда Science Advances журналына жарияланған ғылыми жұмыста зерттеушілер ауру жұққан көртышқандар мен адам терісін пайдаланып, вирустың жатырға қаншалықты әсер ететінін анықтап көрді. Ғылыми жұмыс нәтижесі осы вирус түрі жатырды Зика вирусына қарағанда анағұрлым көбірек зиян келтіретінін көрсетті. Естеріңізде болса, 2015 жылы Зика вирусынан туындаған дағдарыс салдарынан Орталық Америка мен Оңтүстік Америкадағы мыңдаған сәби өмірге кемтар болып келген еді.

«Зика бәрімізді таңғалдырды. Егер дәрігерлер оның тууға әсері туралы білгенде, жүкті әйелдер мен сәбилерді қорғау үшін барын салатын еді. Рифт-Валли безгегіне келсек, оның алдын алу үшін шаралар қабылдап жатырмыз», дейді Питсбург университетінің инфекциялық аурулар жөніндегі маманы Эми Хартман. Ол – ғылыми жұмыстың жетекшісі.

Рифт-Валли безгегі әдетте Африкадағы Сахара маңы елдеріндегі ірі-қараларда жиі кездеседі. Ондағы аурудың тарауы салдарынан буаз сиырлардың 90 пайыздан 100 пайызға дейіні бұзау тастады немесе шала туды.

Алайда жыл сайын адамдар арасында тұмауға ұқсас симптомдар мен бауыр ауруларына әкелетін жүздеген оқиға тіркеледі. Вирустың таралуы Африкадан басқа аймақтарға жете бастады. Хартманның айтуынша, 2000 жылдың соңында Сауд арабиясындағы індеттен 100 000-нан астам адам зардап шегіп, 700-і қаза тауыпты. Осындай ауруға шалдыққан масалар Еуропада да, Америкада да кездескен.

«Климаттың өзгеруі инфекциялық аурулардың таралу барысын өзгерте алады. Масалар қоныс аударып, бейімделген сайын вирустың біз күтпеген аймақтарға жетіп, шекарадан асып кету ықтималдығы басым», дейді доктор Хартман.

Рифт-Валли безгегінің не емі, не вакцинасы жоқ. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы бұл ауру түрін денсаулыққа аса қауіпті топқа кіргізді.

Қазірге дейін жатырына вирус түскен екі оқиға тіркелді. Олардың біреуінде сәбидің бауыры мен көкбауыры үлкейіп, басқа да белгілермен туса, келесі шақалақ бір аптаға жетпей дүние салды. Жүктілік кезінде осы аурудың түрі байқалмайтындықтан, көптеген кемшін туу мен ерте туу оқиғалары тіркелмеуі мүмкін.

Адам жатырын сынақтан өткізу барысында Зика вирусына қарағанда Рифт-валли безгегі вирусы сәбиге тамақ баратын жатыр кіндігінің айналасындағы арнайы жасушалар қабатын залалдандыратын ерекше қабілетке ие.

Хартманның сөзіне сүйенсек, Зика вирусының жатырға инфекция түсіруі оңай емес, ал Рифт-валли безгегі вирусына бұл қиын шаруа емес.

«Жатыр жүз мыңдаған зиянды заттарға төтеп бере алады. Алайда санаулы микроб ғана ондағы қауіпсіздіктен қиналмай өтеді. Безгек вирус – солардың бірі», дейді ол.

«Індетке байланысты көптеген зерттеу жүргізуіміз қажет. Оған не әсер ететінін, алдын алу жолдарын білуіміз керек. Эпидемия Таяу Шығыстан басқа аймақтарға да тарауы әбден мүмкін. Сондықтан мұқият болу міндетіміз», дейді Хартман зертханасындағы докторлық қорғап жүрген зерттеуші Синтиа Макмиллен.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар