Теннис • 22 Қаңтар, 2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл әйелдер арасында Астанада өтетін теннистен Федерация кубогы жолындағы жарыста Қазақстан намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды. 

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

Маңызы зор жарыста Қазақстанның туы астында Юлия Путинцева, Зарина Диас, Анна Данилина және Гозаль Айнитдинова өнер көрсетеді. Алғашқы екеуінің есімі көпшілікке жақсы таныс. Бұл күндері WTA рейтингінде 24 жастағы Юлия 39 орында тұрса, 25 жастағы Зарина 95 сатыға жайғасты. Екеуі де бірқатар ірі халықаралық турнирде айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп жүр. 

Астанадағы турнирде Қазақстан «А» тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз – Таиланд пен Үндістан құрамалары. «В» тобында Оңтүстік Корея, Қытай, Индонезия және Мұхит жағалауы теннисшілері күш сынасады. Осы қос топтан озған бір ғана команда әлемдік топтың екінші кезеңіне жолдама алады.   

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»