Жаңақала ауданының аумағында 2019 жылдың 17 қаңтар күні сағат 09:00-де аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне БҚО Жаңақала ауданы Жаңажол а/о әкімі азамат А.Қ.Оразалиевтан 2019 жылдың 16 қаңтар күні сағат 09:32-де Жаңақала ауданы Жаңажол а/о қарасты Сарыкөл елді мекенінің тұрғыны Тұрашев Алтай Жақсылықұлы (20.07.1978 ж.т.) жеке атымен далаға (сиыр) малын іздеуге шығып, кері үйіне қайтпағаны туралы хабар түсті. Хабар алысымен Жаңақала ауданы Жаңақала ауылынан 2 УАЗ (Таблетка), 3 НИВА автокөліктері шығып, ӨСБ-ден 2 адам, Жаңақала ауданы ТЖБ-сынан 1 адам, жергілікті атқарушы органнан 3 адам, Жаңақала ауданы ішкі істер бөлімінен Айдархан а.о. полиция бөлімінен 1 адам және жергілікті тұрғындардан 13 адам шығып, іздестіру жүргізді. Іздестіру нәтижесінде 17.01.2019 ж. сағат 18:25-те жоғалған азамат А.Ж. Тұрашев Жаңажол а/о Сарыкөл елді мекенінен 65 шақырым жерден табылды, денсаулығы жақсы, ешбір жерін үсік шалмаған, жылы жерге орналастырылды.
Алдағы уақытта Жаңақала ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі баршаңызға қыс айларында ауа райы қолайсыз күндері ұялы телефоныңызға «112» нөмірінен хабарлама келсе, алыс сапарға шықпай, үйде болуларыңызды, қауіпсіздік шараларын сақтауға, жолдан адасып кеткен жағдайда немесе басқа да төтенше жағдайларға тап болсаңыз дереу «101» және «112» нөміріне хабарласуыңызға кеңес береді.