Металлургтер қаласында былтыр су құбыры жүйесінің 5 жаңа нысаны салынды. Қалған төртеуі күрделі жөндеу өтіп, екеуі бөлшектендірілген болатын. Жобаны іске асыру үшін облыстық бюджеттен 12 миллион теңге бөлінді.
Талап ауылында суды үйлерге тарту үшін үш сорғы орнатылып, заманауи модульді сорғыш стансасы салынды және 12 құдық қазылды. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері жөндеу көрмеген 15 шақырым су жүйесі жөнге келтірілді. Бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен 223 миллион теңге жұмсалды.
Пристанционный елді мекенінде барлық жер үйлер орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қосылды.
Аталған жобаны іске асырған мердігер компания атқарған жұмыстарына үш жылдық кепілдеме берді.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы