Президент • 23 Қаңтар, 2019

Елбасы: Жастардың стартаптарын қолдауға арналған қор құру керек

697 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылу салтанатында жастардың стартаптарын қолдауға арналған арнайы қор құруды тапсырды.

Елбасы: Жастардың стартаптарын қолдауға арналған қор құру керек

«Дамыған елдерде жастарға көмек көмектесетін қорлар бар. Олар орталық және жергілікті органдар - университет, жеке құрылымдар тарапынан құрылады. Сондықтан біз де Үкіметпен бірлесіп, осындай қорды құруымыз керек. Біздегі үлкен компаниялармен, олигархтармен, ұлттық компаниялармен бірлесе отырып, жастардың стартаптарын қолдауға арналған арнайы қор құруды Үкіметке тапсырамын» деді Елбасы.

Елбасы елімізде де урбанизация процесінің қарқындылығына қарамастан елімізде ауыл жастарының үлесі әлі де жоғары екеніне тоқталды.

«Еліміздегі ауыл жастарының үлесі 43 пайызды құрайды. Олар жөнінде де жеке жұмыс істеуіміз қажет. 2018 жылдың 11 айы ішінде ауылдан қалаға көшкен жастар саны 222 230 адамға жетті. Сондықтан Үкімет пен әкімдіктер олардың білім алуы, жұмысқа орналасуы, демалыс және басқа да мәселелерін жүйелі жүзеге асыруға көмектесуі қажет» деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында инфрақұрылымды дамытып, жергілікті жерлердің кадрлық әлеуетін күшейту керектігіне тоқталып өтті.

«Осыған орай «Дипломмен ауылға» деген бағдарлама бар. Осының тізімін кеңейтуді ұсынамын. Ауылға көшіп барғаны үшін жастардың жәрдемақысы бұрын 70 айлық есептік көрсеткіш болса, соны 100 айлық есептік көрсеткішке дейін көтеру керек» деді өз сөзінде Елбасы.