23 Қаңтар, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев: Ата-бабамыздан қалған жерді жөнімен қолдануымыз керек

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы жастарды ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосуға шақырып, бұл саланы дамытуда жаңа технологиялардың маңызын баса айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев: Ата-бабамыздан қалған жерді жөнімен қолдануымыз керек

«Ауыл шаруашылығымен айналысуға қызығу – болашақтың мәселесі. Дамыған елдерде бұл салада цифрлық технологиялар мен роботтандырылған кешендер белсенді қолданылады» деді  Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы арқылы үлкен табыстарға жетудің жолдарын талдап берді. Cондай-ақ ата-бабамыздан мұраға қалған егістік алқаптары мені жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануға шақырды. 

«Біздегі жайылымдық және егістік алқаптарды жөнімен қолданып, ғылыми технологияны енгізер болсақ, дүниежүзінің адамдарын асырауға атсалысамыз, үлкен табыстар табамыз. Сондықтан ауыл шаруашылығына ғылыми технология жаңалықтарын енгізу – бүгінде басты мәселе. Ауыл шаруашылығымыз роботтандыру бағытында дамитын болады», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар