Жастар саясатындағы негізгі мәселе – жұмыспен қамту. Статистикаға сүйенсек, бүгінде әлем бойынша 18-30 жас аралығындағы 300 миллион адамның тұрақты жұмысы жоқ. Ғалымдардың болжауынша, 2050 жылы бүгінгі таңдағы мамандықтардың 50%-ын жасанды интеллект алмастырады. Бұл мамандықтардың ішіне саудагерлер, жүргізушілер, call орталықтың қызметкерлері, заңгерлер мен экономистер кіреді. Ал ғалымдар, топ-менеджерлері, мәдениет қайраткерлері, IT саласының мамандарын және жоғары категориялы дәрігерлерді жасанды интеллект алмастыра алмайды.
Сондай ақ үйден шықпай жұмыс істеудің, қашықтан оқытудың артықшылықтарына тоқталып, өткен ғасырға тән «жұмыс» немесе «отбасы» атты дилемманың дәурені аяқталғанын айтты.