Аймақтар • 23 Қаңтар, 2019

Шымкенттің экологиялық жағдайын жақсарту жөнінде меморандум түзілді

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының заңды тұлғалар бірлестігі» басқармасының төрайымы Айгуль Соловьевамен кездесіп, шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту туралы келісімге келді.

Шымкенттің экологиялық жағдайын жақсарту жөнінде меморандум түзілді

Кездесу барысында қос тарап ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, бірқатар міндетті бірлесіп шешуді жоспарлады.

Бұл міндеттердің қатарында Шымкент қаласының қоршаған ортасын жақсарту бойынша бірлескен кешенді шараларды жүргізу, төменгі көміртекті даму қағидаттарын пайдалана отырып, Шымкенттің жалпы экологиялық жағдайын жақсарту стратегиясын әзірлеу жайы сөз болды.

Сондай-ақ, осы мақсатта сұхбат алаңын құру, Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру бойынша ынтымақтастық шараларын өткізуге уағдаласты.

Өз кезегінде шаһар басшысы Әбдірахымов бірлескен жұмыс қаладағы саламатты ортаны сақтауға, экологиялық инфрақұрылымды дамыту мен инновацияларды жылжытуға, қоршаған ортаның ластануын төмендету жөніндегі шараларды әзірлеуге бағытталатынын айтып өтті.

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»