Спорт • 23 Қаңтар, 2019

Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев жаттығу кезінде тобығын шығарып алды

317 реткөрсетілді

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы, әлем кубогі кезеңдерінің жүлдегері Абзал Әжіғалиев жаттығу барысында тобығын шығарып алды. Бұл туралы Ұлттық құраманың бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков мәлімдеді деп жазады Olympic.kz. 

«Жаттығу кезінде Абзал абайсызда тобығын ауыртып алды. Толық қалпына келіп үлгермейтін болғасын, ақпан айында Германияда өтетін әлем кубогі кезеңінен сырт қалуға мәжбүр. Оны дереу Ресейдегі травматология институтына көрсеттік. Білікті дәрігерлер айтарлықтай қауіп көріп тұрған жоқ. Бірақ төрт апта бойы балдақпен жүреді. 26 қаңтар күні Абзалды Астанаға қайтарамыз. Ал қалған команда мүшелері Дрездендегі әлем кубогі кезеңіне аттанбақпыз», - дейді бас бапкер. 

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы бұл күндері Ресейде бірлескен оқу-жаттығу жиындарын жүргізуде. Спортшылардың алдындағы ірі жарыс – 1-3 ақпан күндері Германияның Дрезден қаласында өтетін әлем кубогінің төртінші кезеңі. 

«Дрезденде ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі анықталды. Ерлер арасында Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажығали, Евгений Ребик сынға түседі. Қыздар арасында Анастасия Крестова, Әлия Ким, Ольга Тихонова және Әсел Тайшымановға сенім артамыз», - деді Қарсыбеков. 

Еске сала кетейік, әлем кубогі кезеңі осыған дейін Калгари, Солт-лейк-Сити және Алматыда өтті. Шешуші соңғы кезең Италияның Турин қаласында 8-10 ақпан күндері ұйымдастырылады. 

Соңғы жаңалықтар

Ауыр атлеттер Катарға аттанады

Ауыр атлетика • Бүгін, 12:08

Жақсы ауданындағы жақсы істер

Аймақтар • Бүгін, 11:49

Көпбалалыларға көмек

Аймақтар • Бүгін, 11:41

Күлкі керуені № 22

Руханият • Бүгін, 09:45

Фариза ақынның ұстазы

Руханият • Бүгін, 07:41

Армениямен ынтымақтастық дамиды

Парламент • Бүгін, 07:37

Жастар сыйлығы тапсырылды

Қоғам • Бүгін, 07:33

Әлдибастау әулиесі

Руханият • Бүгін, 07:23

Тәу етер жалғыз киеміз

Қоғам • Бүгін, 07:18

Көзін тапқанға кәсіп көп

Қоғам • Бүгін, 07:13

Темір жолды жағалап топ бала жүр

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Бірқатар кездесу өткізді

Президент • Бүгін, 07:04

Ұқсас жаңалықтар