Спорт • 23 Қаңтар, 2019

Дзюдодан Қазақстан құрамасы аралас командалық турнирден іріктеу сынына қатысады

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио Олимпиадасы қарсаңында дзюдодан алғаш рет аралас командалық сын бойынша іріктеу жарыстары өтеді. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясына сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлайды. 

Дзюдодан Қазақстан құрамасы аралас командалық турнирден іріктеу сынына қатысады

Жарыс қожайыны ретінде Жапония дзюдошылары автоматты түрде Олимпиада жолдамасына иелік етті. Олардың алдында алты салмақ бойынша үздік балуандарды іріктеп алу мақсаты ғана тұр. 

Жапониядан бөлек, 10 мемлекет іріктеу сындарына қатысу құқығын алды.

Нақтылай түсетін болсақ, аралас командалық турнирге Бразилия, Канада, Куба, Қазақстан, Франция, Германия, Венгрия, Нидерланд, Ресей және Оңтүстік Корея спортшылары дайындалуда. 

Командалық бәсекеде дзюдошылар алты салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. Қыздар -57, -70, +70 келіде, ерлер -73, -90, +90 келіде өзара үздіктерді анықтайды. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше