Аймақтар • 23 Қаңтар, 2019

Мамлют ауданына жаңа әкім тағайындалды

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнің өкiмiмен Мамлют ауданының әкімі болып Руслан Әкімжанұлы Аңбаев тағайындалды.

Мамлют ауданына жаңа әкім тағайындалды

Р.Аңбаев 1978 жылы Солтүстік ҚҚазақстан облысы Тимирязев ауданына қарасты Целинный ауылында дүниеге келген.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған. Заңгер және агроном мамандықтары бар.

Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев аудандық салық комитетiнде аудит бөлiмiнiң аға салық инспекторы болып бастаған. 2002 жылдан 2015 жылға дейiн Есіл, Тайынша және Тимирязев аудандарындағы салық қызметі органдарында әртүрлі қызметтер атқарған.  

2015 жылдан осы күнге дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

Ауданның бұрынғы әкімі шаруашылық басшысын пара беруге бопсалағаны үшін лауазымынан шеттетілген болатын.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы