Халықтың көпшілігін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылы өткен қысқы олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің өлімі толғандырды. Сондай-ақ халықтың тұрмыс деңгейіне әсер ететін оқиғалар да үлкен қызығушылық тудырды. Олар: теңгенің әлсіреуі, әлеуметтік аударымдар мен салықтар көлемінің өзгеруі. Топ-10 оқиғалар тізіміне аурулардың таралуы және жаңа бағдарламалар, атап айтқанда, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының басталуы және ұялы телефондардың тіркелуі кірді.
Телефондарды тіркеуге деген ең көп сұраныс қазан айында байқалды. «7-20-25» бағдарламасына қызығушылық жарияланғаннан бастап жылдың соңына дейін жоғары дәрежеде сақталды. Ал YouTube жұмысының бұзылуы адамдарды тек бірнеше күн ғана қызықтырды.
Елдегі топ-10 оқиғалар:
1. Денис Теннің өлімі
2. Менингиттің таралуы
3. Теңгенің әлсіреуі
4. «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының басталуы
5. YouTube жұмысының бұзылуы
6. Әлеуметтік аударымдар мен салықтар көлемінің өзгеруі
7. Ұялы телефондарды міндетті түрде тіркеуді енгізу
8. Астана банкінің дағдарысы, лицензияның тоқтатылуы
9. Гепатит А ауруының таралуы
10. Каспий теңізінің статусына қатысты келісімге қол қою
Қазақстанда болған оқиғалардың тізімі 2018 жылы 1 қаңтар мен 19 қараша айлары аралығында Яндекстің іздеу жүйесінің деректері негізінде құрастырылды.