Спорт • 23 Қаңтар, 2019

Дэвис кубогында Португалияға қарсы ойнаймыз

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1-2 ақпан аралығында Астанада теннистен Дэвис кубогының кезеңдік сайысы өтеді. Бұл бәсекеде Қазақстан мен Португалия құрамалары шеберлік байқасады.

Дэвис кубогында Португалияға қарсы ойнаймыз

Осы матчта жеңіске жеткен команда келесі жылдың қараша айында басталатын Дэвис кубогының финалдық сайыстарына жолдама алады. Жерлестеріміздің әлемдегі ең үздік командалар қатарына қосылуға тамаша мүмкіндігі бар. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде Португалия құрамасы аса қарулы емес. Бүгінгі таңда айтулы мемлекеттің бір ғана өкілі дүниежүзілік рейтингте «ТОП-100» ойыншының қатарына қосылып отыр. Ол – әлемнің 44 ракеткасы Жоао Соуза. Пиреней түбегінің одан кейінгі мықтысы Педро Соуза АТР рейтингінде 103 орынды иеленуде.

Ал Қазақстан құрамасы мүшелері арасында ең жақсы көрсеткіш Михаил Кукушкинге тиесілі. Еліміздің бірінші ракеткасы үздіктер тізімінде 56 орынға тұрақтады. Сондай-ақ, «ТОП-200» теннисшінің қатарында Александр Бублик (164 орын) пен Александр Недовесов (193 орын) бар. Және де 2011 жылдан бері Қазақстанның теннисшілері айтулы жарыстың ширек финалында бес мәрте өнер көрсеткенін ескерген жөн.

Дайындаған Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше