23 Қаңтар, 2019

«Барыс» қонақта «Металлургті» ұтты

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Магнитогорскіде өткізген «Барыс» жергілікті «Металлургтен» 3:1 есебімен басым түсті.

«Барыс» қонақта «Металлургті» ұтты

Бірінші кезеңде есеп ашылмағанымен, үзілістен кейін қарқынын күрт күшейткен астаналық хоккейшілер қатарынан екі шайбаны қақпаға енгізді. Бұл голдардың авторлары – Алексей Маклюков пен Даррен Диц. Үшінші кезеңде Андрей Чибисов мергендік танытып, есеп айырмашылығын қысқартты. Кездесудің соңғы минутында айдын иелері қақпашыны шабуылшымен алмастырып, таразы басын теңестіру жағын ойластырды. Алайда өте сауатты ойнаған «Барыстың» өрендері матчтың аяқталуына санаулы секундттар қалғанда тағы бір гол соқты. Бұл жолы Дастин Бойдтың асқан шеберлігіне құлшына қол соқтық.

Қазіргі кезде «Барыс» тұрақты біріншілікте алтыншы орында келеді. 50 кездесуден кейін олар 71 ұпай жиып отыр. Сондай-ақ, төртінші және бесінші сатыға тұрақтаған Ярославльдің «Локомотиві» мен Омбының «Авангардының» да еншісінде дәл сондай ұпай бар. Десек те біздің команданың олардан бірнеше ойыны кем. Олай болса, алдағы уақытта айтулы клубтарды «Барыстың» басып озуына тамаша мүмкіндігі бар.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»