23 Қаңтар, 2019

Иван Дычко 1 наурызда рингке шығады

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ауыр салмақта жұдырықтасып жүрген Қазақстанның танымал боксшысы Иван Дычко кәсіпқой рингтегі өзінің сегізінші жекпе-жегін 1 наурызда өткізеді.

Иван Дычко 1 наурызда рингке шығады

28 жастағы Қостанай облысы Рудный қаласының тумасы Дычконың әуесқойлар арасында Олимпия ойындарында екі рет және әлем чемпионатында үш мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді. Азия ойындары мен құрлық біріншілігінде жеңімпаз атанған кезі де есімізде. 2017 жылдың күзінен бастап ол кәсіпқой рингте күш сынасуға бел буды. Сол аралықта жеті жекпе-жек өткізіп, барлығында айқын басымдық танытты. Соңғы рет Иван былтырғы жылдың шілде айында америкалық Моррис Харристі бірінші раундта ұрып шыққан болатын.

1 наурыздағы бәсеке де АҚШ-та өтеді. Сол кездесуде жерлесіміздің кіммен күш сынасатыны алдағы күндері анықталады.    

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше