Әлем • 23 Қаңтар, 2019

Юлия Тимошенко Украина президенті сайлауына қатысатынын мәлімдеді

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украинаның бұрынғы Премьер-Министрі, «Батькивщина» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко президент сайлауына қатысатынын хабарлады.

Юлия Тимошенко Украина президенті сайлауына қатысатынын мәлімдеді

«Менің мақсатым – Ұлы Украина. Сондықтан президент сайлауына қатысамын» деді Тимошенко Киевтегі басқосуда.

Сонымен қатар, президент сайлауын жеңсе, Ұлттық банкты толық қадағалауға, халықтың жалақысын өсіруге, салықты төмендетуге сөз берді.

Тимошенко экономикалық реформалардан бөлек, Қырым мен Украина шығысындағы мемлекеттердің мәселесі жай қалмайтынын айтты. Будапешт меморандумының аясында өздеріне тиесілі жерлерді қайтарып алатын ойын жасырмады.

Еске салсақ, бұған дейін 2010 жылы Тимошенко президент сайлауына қатысқан болатын. Бірақ ол сайлауда Виктор Янукович жеңіске жетті. Сайлаудан кейін Тимошенкоға қатысты бірнеше іс қозғалған болатын. 2014 жылы Тимошенко саясатқа қайта оралды.