«Қазақстан жастары білімді, жан-жақты дамыған әрі дарынды. Біздің еліміздің болашағы солардың қолында. Мемлекет басшысы ашқан Жастар жылы жас ұрпақтың өзекті мәселелерін шешуге күшті серпін береді, олардың өзін-өзі танытуға мүмкіндік туғызады» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter парақшасында.
Сондай-ақ ол еліміздің белсенді жастарына тиісті жағдай жасалуы керек екенін айтады.
«Қазақстанның озық ойлы жастары ғылымда, ІТ технологияда, мәдениет, бизнес пен спортта тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Қабілетті, жігерлі жастарға тиісті жағдай жасап, ынта-ықыласын арттыру керек» делінген жазбада.