Парламент • 23 Қаңтар, 2019

Қаржы және бюджет комитетінің Заң жобаларын талқылау бойынша отырысы өтті

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қаржы және бюджет комитеті келесі Заң жобаларын талқылау бойынша комитет отырысын өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қаржы және бюджет комитетінің Заң жобаларын талқылау бойынша отырысы өтті

Отырыста келесі заң жобалары талқыланды:  

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» Келісімнің басты мақсаты - құқықтық негізді өзара белгілеу және мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қарым-қатынасты реттеу. Баяндамашы: Ділманов Дархан Айтқалиұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының  орынбасары – Шекара қызметінің директоры Қосымша баяндамашы: Мұқаев Ерболат Рахметұлы Заң жобасын талқылау нәтижесінде бас комитетке комитеттің қорытындысын  жіберу туралы шешім қабылданды.  

2. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Келісімнің мақсаты - терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды арнайы техникамен, арнайы құралдармен және қамтамасыз ету материалдарымен жан-жақты жабдықтау үшін тең және жеңілдікті шарттар туғызу. Баяндамашы: Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қосымша баяндамашы: Шелпеков Бақтыбай Ақбердыұлы Заң жобасын талқылау нәтижесінде бас комитетке комитеттің қорытындысын жіберу туралы шешім қабылданды.