Мәулен Әшімбаев: Жастар жылында науқаншылдыққа жол бермеуіміз қажет

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Жастар жылының ашылуына қатысты пікір білдірді. 

Егемен Қазақстан
23.01.2019 5262
2

«Жастар жылы» арқылы елімізде алғаш рет жастарға жүйелі түрде қолдау көрсетудің кешенді шаралары қабылданып отыр. Осылайша, Елбасымыз ұзақмерзімді мақсаттарымызға қол жеткізудің жаңа мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Сондықтан Қазақстан жастарға үлкен сенім арта отырып, дамудың келесі жаңа кезеңіне қадам басты деуге әбден болады», деді М.Әшімбаев.

Сонымен қатар салтанатты іс-шараның «Нұр Әлем» болашақтың энергиясы ЭКСПО-музейінде өтуінің себебіне тоқталды. М.Әшімбаевтың айтуынша, Тәуелсіз Қазақстанда туып-өскен, «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемнің ең озық жоғары оқу орындарында білім алған, санасы ашық, тың идеяларға бай біздің бүгінгі жастарымыз – еліміз үшін нағыз болашақтың энергиясы. Бұл – тәуелсіздік ұрпақтарының ел дамуына нақты үлес қосып, Қазақстанды жаңа биіктерге бастайтын кез келгенін білдіреді.

«Жалпы қазақ ежелден жастардың күш-қуаты мен әлеуетіне ерекше мән беріп, қашанда өскелең ұрпаққа үлкен сенім артқан халық. Оған ата-бабамыздан қалған «ақыл – жастан», «жас келсе іске» деген сияқты қанатты сөздер дәлел. Осы тұрғыдан келгенде, биылғы «Жастар жылының» маңызы зор.

Сонымен қатар қазіргі таңда бүкіл әлемнің күрделі өзгерістерді бастан кешіріп жатқанын да көріп отырмыз. Дүние жүзінде цифрлы қоғам мен білім экономикасына негізделген жаңа жаһандық өркениет белең алып келеді. Сол үрдістерге сай болуымыз үшін де жастарға жағдай жасаудың берері мол», деді М.Әшімбаев.

Бұдан кейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Жастар жылында науқаншылыққа бой алдырмай, нақты істерге жол беру қажеттігіне назар аударды.

«Елбасы атқарар жұмыстарымыздың бағыт-бағдарын бағамдап берді. Атап айтқанда, Елбасы қазақстандық жұмысшы жастардың баспаналы болуын қамтамасыз ету үшін еліміздің үш мегаполисінде жалдамалы баспана арқылы берілетін тұрғын үйлер салуды тапсырды.

Одан бөлек, жастарды жұмыспен қамту мәселесінде де жаңа бастамалар қолға алынбақ. Соның ішінде жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсететін «Жас кәсіпкер» жобасын айрықша атап өткен жөн. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасына енгізілетін мамандықтар тізімінің кеңеюі мен төленетін жәрдемақының көбеюі де ауыл жастарына көрсетілген үлкен қолдау екені сөзсіз», деді М.Әшімбаев.

Сондай-ақ Елбасы жастардың сапалы білім алуын қамтамасыз етуге де ерекше көңіл бөлгенін атап өтіп, жас ғалымдарға берілетін гранттарды көбейту, қашықтықтан оқыту, жастардың дұрыс мамандық таңдауына ықпал ететін «Жас маман» жобасын жүзеге асыру, қоғамның дамуына өз үлесін қосып жүрген ерікті студенттердің стипендиясын өсіру сияқты нақты тапсырмалар Қазақстан жастарына беріліп отырған мол мүмкіндік екенін жеткізді. 

«Мемлекет басшысы қоршаған ортаны қорғау және еліміздің экожүйесі мен туризмді дамыту мәселесіндегі жастардың рөлін де назардан тыс қалдырмады. Олардың әскери-патриоттық тәрбиесі мен отбасылық құндылықтардың сақталуы да Елбасы тоқталған өзекті мәселелердің бірі болды. Мұның барлығы әлемде болып жатқан үрдістер мен өзгерістерден туындап отырған қажеттіліктер. Өйткені дәл қазіргі кезеңде тәуелсіздіктің тұғырын нығайтып, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың бірден бір жолы жастардың әлеуетін тиімді пайдалану және оларға лайықты жағдай жасау. Сондықтан Елбасы айтқан тың бастамалар елдігіміздің іргесін одан әрі бекітіп, тәуелсіздігімізді күшейту жолындағы игі істерге тың серпін береді деп сенеміз.

Мемлекет басшысы осы істердің сапалы әрі уақытылы орындалуын «Нұр Отан» партиясына тапсырып, барша нұротандықтар мен партиямыздың «Жас Отан» жастар қанатына үлкен сенім артып отыр. Сондықтан біз Мемлекет басшысының «Жастар жылына» қатысты барлық тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етіп, елдік мүдде жолындағы игілікті іске өз үлесімізді қосатын боламыз», деді М.Әшімбаев.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

Батысқазақстандықтар жаппай шаңғы тепті

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу