Аймақтар • 24 Қаңтар, 2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

671 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы Достық үйінде «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» деп аталатын арнайы орындар ашылды. Облыстық соттың бастамасымен жүзеге асқан бұл жобалар дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын қолдануға, неке бұзу процесінен туындайтын даулар санын азайтуға бағытталған.

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

Орталықта этномәдени бірлестік өкілдері, кәсіби медиаторлар, психологтар мен қорғаушылар, жұмыспен қамту және дағдарыс орта­лықтарының өкілдері жұмыс істейді. Татуластыру орта­лық­тарында тегін қызмет көр­сетіледі және жүгінген адамдардың өтініштері құ­пия сақталады.

Облыстық соттың азамат­тық істер жөніндегі сот алқа­сының төрағасы Манат Кө­мір­шинов отбасылық құн­ды­лықтарды сақтау және аза­маттар арасында берік қарым-қатынасты қалып­тастыру мақсатында атқа­рылып жатқан шараларды атап өтті. «Заңдар уақыт пен жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін болғанымен, отбасылық құндылықтар тұрақ­ты болуы тиіс. Барлық жақ­сылық атаулы отбасынан бастау алады. Осындай орталықтарды құра отырып, азаматтарға отбасын сақ­тау­лары үшін көмек көрсе­туіміз керек, – дейді М.Көміршинов.

Бір өкініштісі, Атырауда ажырасқан отбасылар саны артып отыр. Өткен жылы некеге тұрған бес мыңға жу­­ық жұптың 30 пайызы ажы­расқан. Отбасы және тату­лас­тыру орталықтары секілді жобалардың өзекті екенін осыдан да аңғаруға болады.

Бақытгүл БАБАШ,

«Egemen Qazaqstan»

Атырау