Аймақтар • 24 Қаңтар, 2019

Машинамен бірдей тоқитын шебер – Нұрлан Жартыбеков

435 реткөрсетілді

Былтыр Талдықорған қаласында «Jetisy Style» атты жастар фестивалі өткен болатын. Аты да, заты да өзгешелеу шараның мақсаты аймақтағы дарынды жастардың басын қосып, жұрт алдына шығуға мүмкіндік жасау еді.

Ел ішіндегі еленбей жүр­ген өнер иесі мен қолы епті ісмер­лердің және көшбасшы жастар­дың танылуына жол ашқан фестивальда ән шырқалып, күй тартылды. Отты жырлар оқылып, фотосурет байқауы да өтті. Солардың бәрінен Нұрлан Жартыбеков есім­ді ісмер жігіттің өнері асып түсіп, елді таңғалдырды десек, артық айтпаймыз. Дүйім жұрт­тың таңдайын қақтырған Нұр­лан ілмектеп тоқу өнері бойынша дүние жүзінің шеберлерін шаң қаптырып, әлемдік рекорд орнатқан қас шебердің өзі екен.  Ілмектеп тоқудың шебері 72 сағат бойына тоқтамастан жұмыс істеп, иірілген жүннен шарф тоқып шықты. Тоқыған мойынорамасының ұзындығы 35 метрге жетіп, жерлесіміз Қазақ­станның рекордтар кітабы­на тіркелді. Түрлі тоқыма бұйым жа­сап, онысын сатып, шаруасын дөң­гелетіп отырған жаспен біз осылай таныстық. 

Таяуда ісмер жігітке хабарласып, кәсібі туралы аз-кем сұраған едік. 

– Маған тоқыма өнерін бірінші сыныпта оқып жүргенімде анам үйретті. Төртінші сыныптан бас­тап тоқыма бұйымдарымды сатуды кәсіпке айналдыра бастадым. Мектепті тәмамдап, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін де осы кәсіптен қол үзбей, әрі қарай жалғастыруды жөн деп шештім. Былтыр Білім және ғылым ми­нистр­лігінің жаңадан өз ісін бастайтын жастарды қолдауға арналған Zhas Progect атты жобасына қатысып, жеңімпаз атандым. Осы Zhas Progect арқылы алған грантты кәсібімді одан әрі дамытуға арнадым. Қазір Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында тоқыманы үйретемін. Көпшілік тоқыманы ерлердің ісі емес деп ойлауы мүмкін, алайда ең бастысы бұл өзіме ұнайды, – деді ол. 

Шынында да қимыл-қоз­ғалысы қиындаған, түрлі дәреже­дегі сал ауруына ұшы­ра­ған бал­дырғандар үшін то­қымамен ай­налысудың пайдасы зор екен. Нұрланның ерінбей-жалықпай балалармен жұмыс істегенінің нәтижесінде біраз баланың ден­саулық жағдайы 20 пайызға дейін жақсарыпты. Бір сөзбен айт­қанда, Нұрланның әдісін ең­бекпен емдеудің керемет үлгісі деуге болады.  

Біздің кейіпкеріміздің бос уақыты аз. Әр күнін неше түр­лі бұйым тоқумен, білгенін балдыр­ған­дарға үйретумен өткізеді. То­қу жылдамдығымен елді таң­ғалдырған жігіт ай сайын бір өзі 500 балаға кішкентай аяқкиім то­­қып үлгереді екен. Үлкендерге ар­­налған киімдердің 100-

150-­ін дайындап үлгереді. Басқа да бөкебай, қолғап, шалма, бас­киім, күртеше сынды киімнің неше атасын тоқып, түрлі ұлттық ою-өрнекпен әшекейлеп, сатып үлгереді. Жан жары да қолға­бы­сын тигізеді.

– Жылдамдығым өте жоғары, машинамен бірдей тоқимын ғой, – деп күледі өзі. 

Қолынан шыққан бұйым­дары­на сұраныс жоғары, дайын бол­ғандарын ел қуана сатып алып­ жа­тыр. 

Нұрлан қазір жан жарымен бірге еңбектенуде. Әлі жеке бас­пана сатып алып та үлгермепті. Ендігі жоспары үй алу, біраз адам­­ның басын қосып, өзінің ісін бір­лесіп атқаратын жұмыскерлер дайындау, сөйтіп кәсібін одан әрі үлкейту.

– Тоқыма өнері шетелде ғана жақсы дамыған, Қазақстан­да жоқ. Ұлттық тоқыма бұйымда­ры­­мыздың неше түрлісін елімізде шы­ғаруды жолға қойсам деген арманым бар, – деді бізге.  

 Ол арманын орындау үшін қаржылай қолдау керек. «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» деген. Сәл демеу болса Нұрлан Жартыбековтің ісі де іл­герілеп кеткелі тұрғаны анық.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздік – тұғырым

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Жас отбасылар баспаналы болды

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Күлкі керуені № 25

Руханият • 13 Желтоқсан, 2019

Ұқсас жаңалықтар