Спорт • 24 Қаңтар, 2019

Тай елінің зілтеміршілері допингпен ұсталды

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр Түркіменстанның бас шаһары – Ашхабадта ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен бірқатар спортшының допинг қолданғаны анықталды. 

Тай елінің зілтеміршілері допингпен ұсталды

Солардың қатарында Сопита Танасан, Сукания Срисурат, Тхуня Сукхароен және Читчанок Пулсабсакул сынды Таиландтың төрт бірдей атақты зілтеміршісі бар. Атап айтсақ, Сопита Танасан мен Сукания Срисурат 2016 жылы Риода алауы тұтанған Олимпия ойындарында 48 кило және 58 кило салмақ дәрежелерінде алтын тұғырға көтерілген болатын.

Ашхабадта Срисурат алдына жан салмаса, Танасан төртінші орында қалып қойды. Ал Тхуня Сукхароен болса, 2018 жылғы әлем чемпионатында 45 кило салмақ дәрежесінде топ жарды.  

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»