Аймақтар • 24 Қаңтар, 2019

СДУ олимпиада қатысушыларына жеңілдіктер қарастырылады

1836 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сүлейман Демирел университеті бірегей SPT олимпиадасының өтетіндігі жайында хабарлайды. Биылғы жылы аталған олимпиада Елбасының жастарды қолдау бойынша тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында өтетін  SDU Proficiency Test -  мектеп және колледж түлектеріне арналған олимпиада.

СДУ олимпиада қатысушыларына жеңілдіктер қарастырылады

Талапкерлерге болашақта мамандық таңдауға көмектесу және түрлі деңгейдегі грант пен жеңілдік беру арқылы қолдау көрсетуді мақсат ететін олимпиада ұйымдастырушыларының мәліметі бойынша, әрбір оқушы таңдаған бағыты бойынша өз білімін көрсете отырып, СДУ-дың  ішкі грантына немесе жеңілдігіне ие бола алады. Айта кеткен жөн, мектеп бітірушілердің жобаға деген қызығушылығы жылдан жылға артып келеді.

Статистикалық мәлімет бойынша олимпиадаға 2015 жылы 80 грант бөлінген, 2016  жылы -  200 грант, 2017 жылы –  250 грант пен жеңілдік берілген, ал 2018 жылы  300 грант пен жеңілдіктер бөлінген. Биылғы жылы олимпиада 3-наурызда бір уақытта еліміздің 22 қаласында: Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Жезқазған, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жаңаөзен, Құлсары, Екібастұз қалаларында өтеді. Үздік нәтиже көрсеткен 300 талапкер 4 жылға жарамды 100% грант пен арнайы жеңілдіктерге ие болады. Олимпиадаға тіркелу ресми сайттың http://sdu.edu.kz/kk/spt/ бөлімінде онлайн түрде қолжетімді. Байқау ережелері мен талаптары айқын көрсетіліп, тіркелу рәсімі ашық форматта жүргізіледі. Тіркелген талапкерлер автоматты түрде электрондық пошта арқылы жеке ID CARD-қа ие болып, бұл құжат олимпиаға қатысуына кепілдік береді.

Олимпиада тестілеу форматында 6 кластерде: физика, география, химия-биология, ағылшын тілі, әдебиет, тарих пәндері бойынша өтеді. Тестілеу сұрақтары зияткерлік мектептердің ұстаздарымен құрастырылып, қоғамдық кеңесте мақұлданған.

SPT олимпиадасы онлайн тіркелу  19 ақпанға дейін (sdu.edu.kz/spt ресми сайтында)

Тест түрінде өтетін олимпиадаға мектеп оқушылары (11 сынып) және колледж (соңғы курс) студенттері мен 2019 жылғы түлектер тегін қатыса алады.

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады.

Тел: 87020001133 (whats app) / 87273079565 (231)

Email: [email protected]

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Еqemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ