Қамбар Жұмағалиұлы Ахмет бүгінге дейін «Egemen Qazaqstan» газетінде бас редактордың орынбасары ретінде саясат және құқық бөлімдерінің қызметін ұйымдастырып, газеттің өндірістік-шығармашылық жұмыстарының маңызды бөлігіне жауапты болды. Еңбек жолын «Орталық Қазақстан» газетінде бастаған ол әр жылдары «Айқын» газетінде меншікті тілші, «Baq.kz» ақпарат агенттігінде бас редактор, «Қазақстан» РТРК Интернет редакциясында бас редактор, «Нұр Отан» партиясында, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде кеңесші қызметтерін атқарды.
Қамбар Жұмағалиұлы ел тарихының жүз жылдық жылнамасын жазып жатқан қазақ баспасөзінің қара шаңырағы – «Егеменде» жинаған тәжірибесі мен білім-білігін «Орталық Қазақстан» газетін дамыту ісіне аянбай жұмсап, талмай қызмет ететініне сенімдіміз.
Әріптесімізді шын жүректен құттықтай отырып, жұмысында сәттілік пен табыстылық жолдас болуына тілектеспіз!
«Egemen Qazaqstan» газетінің ұжымы.
Қамбар Жұмағалиұлы 1978 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың түлегі. Журналистикадағы еңбек жолын «Балқаш өңірі» қалалық газетінің тілшісі қызметінде бастаған.
2004-2006 жж. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші;
2006-2007 жж. Қарағанды облыстық «Балқантау» газетінде тілші;
2005-2008 жж. «Қазақстан баспасөз клубы» АҚ Қарағанды облысы бойынша өкілі;
2007-2014 жж. Республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінің тілшісі;
2010-2013 жж. Baq.kz ақпарат агенттігінің Бас редакторы;
2013-2014 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Интернет жобалар бөлімінде Бас редактор;
2014-2016 жж. «Нұр Отан» партиясы «Электрондық партия» медиа редакциясы интернет-ресурсының басшысы;
2016-2018 жж. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі;
2018 жылдан «Егемен Қазақстан» республикалық газеті Бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған;
ҚР Президентінің Алғыс хатымен, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.