С.Мыңбаев «Қорғас» ШЫХО», «KTZE – Khorgos Gateway» Құрғақ портына және Алтынкөл станциясына барды.
Алтынкөл станциясында Компания басшысы жергілікті инфрақұрылыммен, контейнерлік пойыздарды өңдеудің технологиялық процестермен танысты.
2018 жылы Алтынкөл-Қорғас шекаралық өтпесі арқылы жүк тасымалының көлемі 2709 мың тоннаны құраса, бұл 2017 жылғыдан 66% артық. 916 контейнерлік пойыз жөнелтілсе, бұл 2017 жылдан екі есеге көп.
2018 жылдың қаңтар-желтоқсанында Құрғақ портта 133, 9 мың ЖФЭ тиелсе, бұл 2017 жылғыдан 1,4 есе асты.
«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА әкімшіліктік ғимараты мен Құрғақ порт нысандарын аралау барысында РСS жобасы, Номад, жүйесі, мониторингілік орталық, сондай-ақ East Gate Partners, Verno, «Феникс Фид Миллс» ЖШС, Hubei Kelison инвестициялық жобалары таныстырылды.
«Қорғас» ШЫХО Компания басшысына Орталық нысандарын салу барысы туралы ақпарат беріліп, сонымен бірге қазіргі кездегі жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар таныстырылды. 2018 жылы ғимараттарының аумағы 193000 шаршы метр және жалпы аумағы 32,7 гектарлық құрылыс алаңдары бар 12 инвестициялық компания тартылды.
«Қорғас» ШЫХО жұмысын бастағалы бері инвестициялық нысандар құрылысын жүргізуге 21 келісім-шарт жасалды, инфрақұрылымдық нысандарды қоспағанда жер учаскелерінің аумағы 113,5 гектар, ал ғимараттар алаңдары 805,4 мың шаршы метр.
С.Мыңбаев сондай-ақ Нұркент қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу жайынан хабардар болды.