Аймақтар • 24 Қаңтар, 2019

Ақтөбеде «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы басталды

612 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлжан Сағындықова мәлімдеді.

Ақтөбеде «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы басталды

Оның айтуынша, елімізде Тұңғыш Президенті Қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы мен  «Хабар» Агенттігі ұйымдастырған байқау жалғасуда.

«Қайырымдылық керуені» қайырымдылық идеясын насихаттау, белсенді азаматтық бастаманы дамыту мақсатында өткізіліп жатыр. Оған өздерінің ізгі істерімен әлеуметтік, қоғамдық  мәселелерді шешуге үлес қосып, өзгелерге үлгі болып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады», - деді спикер.

Облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айбек Купенов өңірде қайырымдылық мәдениеті белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.

«Атап айтқанда,  халқымыздың салт-дәстүрінің  рухани байлығын насихаттайтын «Атамекен-аталар. Асылым – әжелер»  ақсақалдар ансамблі  ағымдағы жылы барлық шалғай ауылдарға  концерт қояды. Бізде «Туған жерге тағзым» акциясы үшінші жыл  өткізілді, оның аясында 2,8 млрд.теңгені құрайтын 811 жоба жүзеге асырылды. Еріктілер қозғалысы жұмыс жасайды», - деді ақтөбеліктерді «Қайырымдылық керуеніне» шақырған Айбек Купенов .

Лауреаттар бес номинация бойынша іріктеп алынады деп жоспарланып отыр. «Асар» номинациясы бойынша қайырымдылық қызметі халықтың салт-дәстүрлерімен байланысты қазақстандықтар марапатталады. «Туған жер» номинациясы бойынша білім беру, экология және абаттандыру саласында туған өлкесіне көмектескендердің есімі аталатын болса, «Батыл жүрек» лауреаты болып ерлік жасаған немесе жанкештілік көрсеткен адам марапатқа ие болады. Ізгі істер жасайтындар «Мейірім жолында» номинациясы бойынша  ынталандырылады. «Қайырымдылық тарихы» номинациясына БАҚ-да жұртшылықтың назарын әлеуметтік мәселелерге  аударатын, қайырымдылық тақырыбын жариялайтын журналист немесе шығармашылық ұжым үміткер бола алады.

Қазақстанның барлық өңірлерінен үміткерлерді іріктеу 2018 жылдың қараша айынан бастап 2019 жылдың ақпан айына дейін жүргізіледі. Жеңімпаздар алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында анықталады.