«Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан көрсетілетін 40-тан аса медициналық қызмет бар. Оның 25-ін электронды түрге толығымен ауыстырып, 2018 жылы желтоқсан айында наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулез диспансері анықтамаларын толығымен тегін және онлайн түрде берілетін етіп жасадық», деді Олжас Әбішев.
Яғни, бұл қызметтердің барлығына «Электронды үкімет» порталы арқылы қол жеткізуге болады. Вице-министрдің айтуынша, бұл анықтамалар бойынша мәліметтер Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекіткен стандарттар бойынша қорғалады.
Майгүл СҰЛТАН,
«Egemen Qazaqstan»