Олардың 319-ы мемлекет тарапынан жеңіл несие алса, 75-і инновациялық мақсатқа берілетін гранттың иесі атанған. Шағын және орта кәсіпке негізделген бизнес мыңдаған жұмыссыздың қолына балық емес, қармақ ұстатты.
– Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылдағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға осы «Бастау» жобасы аясындағы кәсіпкерлік негіздерін оқыту, әрі қарай сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу. Кәсіпкерлік негіздерін оқытып болғаннан кейін қажеттіліктеріне сай бір ай ішінде бизнес жоспар дайындау және банктермен қалай жұмыс істеу керек, барлығын толық үйреніп шығатын болады, – дейді облыстық Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Фархат Әбжаппаров.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы