Ол бұдан былай музыкалық продюсерлік жұмысын тоқтатып, алдағы уақытта кино түсірумен және саяхатпен айналыспақ.
– Қажылық сапар барысында көмек қолын созған адамдар көп, велосипедпен шығатын болғаннан кейін бе, естігендер ерекше қабылдады. Менің ұшақпен де баруға жағдайым бар, өзім жол қиындығын сезінейін деп түйдім. Жол бойы адамдардың ықыласын сезініп, адамдардың бір-біріне деген имандылық ишараттарын білдіретін ғажайып сезімді бастан өткерудің жөні бөлек қой. Жолға Құран кітабын алдым, азығым да, серігім де сол болатын сияқты. Сапарға шығар алдында Түркістанға барып мінәжат еттім, Шымкентке соғып, велоспорт белсенділерімен жүздестім, – дейді Талғат Жұмабеков.
Жиһанкез Құдай бұйыртып сапарынан сәтті оралса, жолда көрген, түйгендері туралы жақсылап тағы да бір әңгімелерміз. Ұзақ жолдың сәттілігін берсін. Екінің бірі тәуекел ете бермейтін мұндай жолсапарды шын мәнінде сәулелі сапар деп атауға әбден болатындай.
Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Egemen Qazaqstan»
АЛМАТЫ