25 Қаңтар, 2019

Орта біліммен қамтуда ондыққа ендік

627 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Орта біліммен қамтуда ондыққа ендік

Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі бойынша, әлем халқының жартысына жуығы жастар. Сол себепті әлемдік қоғамдастық, даму траекториясына аяқ басқан кез келген мемлекет адам капи­талының маңызды бөлігі ретін­де жастарға, олардың әлеуетін дамытуға ерекше мән береді. 

Осы орайда Мемлекет бас­шы­сының биылғы жылды Жастар жылы деп жария­лаға­ны елі­міз үшін айрық­ша маңызды. Ел­басы Н.Назар­баев Жастар жылы­ның ашылу сал­та­натын­дағы «Тәуелсіз­дік­тің ұрпақтары» атты сөзінде жастардың өзекті мәсе­ле­леріне кешенді түрде назар аудар­ғаны ерекше қуантады. Қазіргі таңда мемлекет жасап отырған мүмкіндіктер IMD Халықаралық басқаруды дамыту институтының  рейтингінде Қазақстанды сапалы орта білім­мен қамту бойынша әлемдік ондықтың қатарына қосып отыр.  Қазақстан жастары әлемнің дамыған елдерінің жастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын дәрежеге жетті. 

Жастардың әлеуметтік дамуына, ғылыммен айналысуына, қоғамға пайдалы болуына мемлекет тарапынан әзірленетін ендігі шаралар олардың ұлттық, мәдени мұраға, ел бірлігіне құрметін арттырып, ізгілік, отбасы құндылықтарын ілгерілетуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. 
Ендігі міндет – жастардың мемлекет тарапынан жасалған мүмкіндіктерді бағалай біліп, өз ісінің кәсіби маманы, қоғамның азаматтық жауапкершілігі мол мүшесі бола білуінде.

Айбол АРҒЫНҒАЗИНОВ,

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры