Із кесу жарысының қорытындысы бойынша, Елизавета Бельченко 44-ші орыннан көрінді.
Антхольц-Антерсельва биатлонның отаны саналады. Жоғары деңгейлі турнирді тамашалау үшін әлемнің әр түкпірінен 10 мыңнан аса жанкүйер жиналған. Антхольцтегі жарыс жолы өте қиын трассалардың бірі саналады. Сол себепті, қатысушылардың барлығы дерлік мәреге жете алмай, 93 биатлоншы ғана соңына дейін шыдап бақты.
Қазақстан сапындағы ең үздік нәтижені көрсеткен – Елизавета Бельченко. Ол биылғы маусымдағы өзінің және әйелдер ұлттық құрамасының жоғарғы көрсеткішін тіркеп отыр.