Аймақтар • 25 Қаңтар, 2019

Астаналықтарды не толғандырады?

229 реткөрсетілді

«Байқоңыр» әкімінің аппараты Astana Innovations және Урбанистика орталығымен бірлесе отырып «Сұраныс бойынша қала» жобасын іске қосты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Сұраныс бойынша қала» – бұл тұрғындардың өмір сүру ортасына қатысты түсінігін арттыруға, тату көршілікті тәрбиелеуге, қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарауға және ортаны трансформациялау құралы ретінде диалогты дамытуға бағытталған кешенді жоба. Жобаның бірінші кезеңінде ақпарат жинау басталып, сауалнама жүргізілді.

Ең белсенді тұрғындар 9-11 қарашада «модераторлар мектебінде» қалалық диалогты жүргізу құқығына ие болды. Үш күн ішінде болашақ модераторлар бірлескен шешімдерді іздеу үшін диалог жүргізуді үйренді. Екінші кезең 19 және 20 қаңтарда урбанист Святослав Муруновтың басшылығымен өткен жобалық семинар болды, оған 60-тан астам адам қатысты. Семинар барысында тұрғындар қала мәселелерін талқылап, абаттандырылуы тиіс орындардың тізімін құрды. Барлық ниет білдірушілер әкімдік өкілдерінен, белсенді тұрғындар мен модераторлардан тұратын жобаның жұмыс тобының құрамына кірді.

Әр аулаға кураторлар бекітіліп, олар белсенді тұрғындармен бірге жерді зерттеп, көршілерін тартады. Олардың жұмысының нәтижесі аула аумағын толық сипаттайтын «Аула төлқұжаты» болады. Оның негізінде тұрғындар, кураторлар мен сарапшылар осы көктемде «қалалық шеберханалар» форматында сыналатын аулаларды жобалауға тапсырма жасайды. Мұндай ойын форматында аудан ортасын дамыту бойынша барлық идеялар сыналады, содан кейін техникалық тапсырмалар қажет болған жағдайда түзетіліп, жұмысқа жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар

Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздік – тұғырым

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Жас отбасылар баспаналы болды

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Күлкі керуені № 25

Руханият • 13 Желтоқсан, 2019

Ұқсас жаңалықтар