Қайғылы жағдай Қарасай ауданы Ұзынағаш ауылында орналасқан Ұлттық гвардия бөлімінде болған. Қатардағы жауынгер өзіне сеніп тапсырлыған атыс қаруынан оқ атып, басынан жараланған. Жарақат салдарынан бір жылдан астам мерзім бойына азаматтық борышын өтеп жүрген астаналық Ұласбек Қожан ажал құшты.
- Қазіргі уақытта әскери бөлімде болған оқиғаға байланысты құқық қорғау органы мен әскери прокуратура тергеу, тексеру жұмыстарын бастады. Жауынгердің қайғылы қазаға ұшырауына орай, отбасына көңіл айтамыз. Әзірге жауынгердің борышын өтеу кезінде өзіне қол жұмсауына себеп болатындай оқиға болмағандығы анықталды. Тергеу нәтижесін қосымша хабарлаймыз – деді Ұлттық гвардияның «Оңтүстік» өңірлік басқармасының басшысы Әнуар Үкібаев.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
Алматы облысы