Қазақстан • 25 Қаңтар, 2019

Батыр анаға 4 бөлмелі үй берілді

346 реткөрсетілді

Күні кеше елордада өткен Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасының алдында ақтарыла сөйлеп, ел разылығына бөленген 7 баланың анасы Жазира Тұрғынованы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қабылдады.

Кездесуде өңір басшысы батыр анаға Төлеби ауданы Ленгір қаласынан 4 бөлмелі баспананың кілтін табыс етті. Айтулы қуанышымен құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады. «Жуырда ғана Жазира қарындасымыз жастар форумына қатысып, Елбасымызбен кездесіп қайтты. Ой-пікірін айтты. Біз сол жиынға Жазираны арнайы жіберген болатынбыз. Себебі, көпбалалы ана болу – үлкен мәртебе әрі құрмет. Бұл – адами ресурс және мемлекетіміздің басты байлығы. Біз көпбалалы отбасыларды жұртшылыққа үлгі етіп, оларға қолдауды жасай беруіміз қажет. Бүгінде табиғи өсім бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Дәл қазіргі кезде облысымызда 134 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның 51 мыңнан астамы – «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері. Жас қыз-келіншектер өзіңіздей батыр аналарға еліктеп өсуі керек», – деген өңір басшысы жас отбасыға 4 бөлмелі баспананың сертификатын және балаларға қыстық жылы киімдер табыс етті. Сонымен бірге, облыс әкімі Жазираның қосымша мамандық алу үшін оқуына және жұмысқа орналасуына қолдау көрсетілетінін жеткізді. Отағасы Олжас Әбілдәбековтің де жұмысқа орналастыру мәселесі қаралатын болды.

Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғыны Жазира Тұрғынова  27 жасында 7 баланың анасы атанған. Бүгінде 3 қыз, 4 ұлды тәрбиелеп отырған Жазира елордаға пәтер сұрап бармаған-ды. Салтанатты жиында жастарды көпбалалы болудан қорықпауға шақырды. Ата-бабаларымыздан мирас болып қалған осынау байтақ елімізде сәбилердің көп болғанын қалайтынын білдірді. Әр бала дүниеге өз несібесімен келетінін еске салды. Облыс әкімі кілтін табыс еткен 4 бөлмелі баспана сол ұл-қыздарының несібесі екені анық. Айта кетелік, батыр анаға берілген баспана өмір сүруге қажетті инфрақұрылыммен және жиһазбен қамтылған.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Ауыр атлеттер Катарға аттанады

Ауыр атлетика • Бүгін, 12:08

Жақсы ауданындағы жақсы істер

Аймақтар • Бүгін, 11:49

Көпбалалыларға көмек

Аймақтар • Бүгін, 11:41

Күлкі керуені № 22

Руханият • Бүгін, 09:45

Фариза ақынның ұстазы

Руханият • Бүгін, 07:41

Армениямен ынтымақтастық дамиды

Парламент • Бүгін, 07:37

Жастар сыйлығы тапсырылды

Қоғам • Бүгін, 07:33

Әлдибастау әулиесі

Руханият • Бүгін, 07:23

Тәу етер жалғыз киеміз

Қоғам • Бүгін, 07:18

Көзін тапқанға кәсіп көп

Қоғам • Бүгін, 07:13

Темір жолды жағалап топ бала жүр

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Бірқатар кездесу өткізді

Президент • Бүгін, 07:04

Ұқсас жаңалықтар