25 Қаңтар, 2019

Яндекс Шымкентте жол кептелісін өлшей бастады

632 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Яндекс Шымкент қаласының жол кептелісін он баллдық шкаласы бойынша өлшей бастады. Яндекстің негізгі бетінде, Навигатор мен Яндекс.Карталарда, жолдағы жағдайды баллдар арқылы көрсететін бағдаршам пайда болды. 0-ден 3 баллға дейін – жолдар бос, 4-тен 6-ға дейін – қозғалыс қиындады, 7-ден 10-ға дейін – қатты кептеліс.

Яндекс Шымкентте жол кептелісін өлшей бастады

Кептеліс жайында ақпарат жолдағы жағдайды тез бағалап, жүрісті дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді. Мәселен, кептеліс бағдаршамына қарап, жолдар бос болғанша күтуге немесе қозғалыс қиындаған жерлерді қалай айналып өтуге болатынын ойластыруға болады.

Кептеліс баллдарын іске қосудың алдында Яндекс Шымкенттің жолдарындағы жағдай қалай өзгеретінін зерттеді. Жұмыс күндері қалада кептеліс сағат таңғы 7:30-да басталады. Бұл Алматыға қарағанда кешрек, ал Астанамен салыстырғанда шамамен бір уақытта. Сағат 9:00-ге жуық кептелістің үш баллға дейін баратын таңғы қарбалас сәті. Кейін жолдар босайды, бірақ сағат 11:30-да кептеліс таңғы шекке дейін жетеді. Адамдар жұмыстан үйге қайта бастаған кезде, сағат 17:30-дан кейін жолдағы жағдай шұғыл қиындай түседі. Көлік жүргізушілері үшін ең ауыр сәттердің бірі ол жол кептелісі 6-7 баллға дейін баратын кез – сағат 18:40 пен 19:40 аралығы. Шымкентте көптеген басқа да қалаларда сияқты кешкі жол кептелісі таңғыға қарағанда ұзақ әрі қызу өтеді. Дегенменде Шымкентте таңғы және кешкі жол кептелісінің айырмашылығы көптеген басқа қалаларға қарағанда көбірек.

Жолдағы жағдай сағатқа ғана байланысты емес, аптаның күніне де байланысты. Жұманың екінші ортасы барлығынан да ауыр – 15:30-дан бастап жол кептелісі басқа күндерге қарағанда бір баллға жоғары. Ал кешкі жол кептелісі ерте басталып, кеш аяқталады. Жұмыс күндеріне қарағанда демалыс күндері таңғы кептеліс жоқ, ал кешкі шамалы ғана байқалады. Сенбі күні кептеліс сағат 12:00-ден 20:30-ға дейін төрт балл және одан да жоғары сақталып тұрады. Бұл жұмыс күннің ортасымен салыстырғанда ұзағырақ. Жексенбіде түскі уақытта кептеліс деңгейі шамамен сенбіге қарағанда бір баллға төмен.

Сондай-ақ, жолдағы жағдайға үйреншікті қалалық өмірдің ағынын өзгертетін ауа райы, мереке күндері және басқа да факторлар әсер етеді. Жүргізушілер үшін жаңа жыл алдындағы апта жай емес болды. Егерде Яндекстің бағдаршамы сол кезде жұмыс істегенде, ол үйреншікті үш баллдың орнына бес баллды көрсетер еді. Осыдан бір апта бұрын жаман ауа райы жолда кептеліс кезінде болатын қалыпты 6-7 баллдың орнына сегіз баллға дейін баратын екі рет кедергі туғызды.