Кеңес барысында жастардың әлеуетін дамытып, іске асыруға, қоғамдық өмірдің барлық салаларында олардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға жағдай жасауға бағытталған Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасының жобасы қаралды.
Қоғамдық даму министрлігінің қазақстандық жастардың қолжетімді әрі сапалы білім алуға, еңбекпен қамтылуына, тұрғын үйге деген қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған ұтымды құралдар, сондай-ақ, жас отбасыларды қолдау шаралары жөніндегі тәсілдері ұсынылды.