25 Қаңтар, 2019

Табысы ең көп футбол клубтары

656 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның әйгілі Deloitte аудиторлық компаниясы 2017/2018 жылы ең көп табыс тапқан Еуропа құрлығындағы футбол клубтарының тізімін жариялады.

Табысы ең көп футбол клубтары

Бұл көшті Мадридтің «Реал» клубы бастап тұр. Былтырғы маусымда олар 750,9 миллиард евро көлемінде пайда түсірген. Екінші орында да Испанияның тағы бір алпауыты. «Барселонаның» табысы 690,4 миллион евроны құрайды. Үшінші сатыға «Манчестер Юнайтед» жайғасты. Англиялық клуб өз қазынасына 666 миллион кіріс кіргізді. Сондай-ақ, табысы мол «ТОП-10» команданың қатарына мыналар еніп отыр: «Бавария» (Германия. 629,2 миллион евро), «Манчестер Сити» (Англия. 568,4 миллион евро), ПСЖ (Франция. 541,7 миллион евро), «Ливерпуль» (Англия. 513,7 миллион евро), «Челси» (Англия. 505,7 миллион евро), «Арсенал» (Англия. 439,2 миллион евро) және «Тоттенхэм» (Англия. 428,3 миллион евро).

Ал оның алындағы, яғни 2016/2017 жылғы маусымда «Манчестер Юнайтед» көш бастаса, «Барселона» мен «Реал» үздік үштікті қорытындылаған.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»