Бүгінде аудан көлемінде алтын өндіру жобалары жасалып қойған екен. Еліміз бойынша алтын қазбаларын тәжірибелік-өндірістік өндіру мен бағалау ісіне мамандандаған «Gold Production» ЖШС Нарынқолдың қазынасын игеруге бел шешіпті. Алдағы көктемге қарай қарай алтын өндіруге кіріседі.
Райымбек ауданының Жамбыл ауылдық округі аумағында басталатын өндіріске 8 млрд 649 млн теңге инвестиция салынбақшы. Жобаны жүзеге асырылатын 2019-2026 жыл аралығында 80 шақты адамға жұмыс табылып тұр.
Жақында ауданның алтынын игеруге тағы екі компания қосылмақ. «СКН» серіктестігі мен «Нарынқол Голд» компаниясы алтын іздеу және өндіру ісініе 3 млрд теңгеден астам қосымша инвестиция тартады.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
Алматы облысы