Түркменстанмен шекарадағы Болашақ стансасынан қазақстандық ауыл шаруашылығы өнім өндірушілердің өнімдері – бидай, ұн, ұңтақ өнімдері, арпа, сұлы және жасымық жөнелтіліп жатыр. Өнімдер Иран, Ауғанстан және Түркменстанға экспортталуда.
Жүк ағыны ҚР, ТР және ИИР арасын трансұлттық теміржолы дәлізінің бөлігі болып табылатын Болашақ – Серхетяка учаскесі бойынша өтеді. Бұл дәліз Парсы шығанағы аймағының теңіз жолына шығуды қамтамасыз етеді.
Болашақ шекаралық стансасы арқылы Алтынкөл – Болашақ – Серхетяка-Акяила бағыты бойынша транзиттік контейнерлік пайыздар тасымалы жүзеге асырылады. Бұл бағыт бойынша автобөлшектер, электрондық құрал-жабдықтар, шаруашылық тұтыну тауарлары тасымалданады.