Қазақстан • 25 Қаңтар, 2019

Астанада онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында Ашық есік күні өтеді

1016 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында Ашық есік күні өтеді

Ертең, 26 қаңтар Дүниежүзілік жатыр мойны обырына қарсы күрес күні. Осыған орай Астанада Манас көшесі №17  мекен-жайында Онкология орталығының базасында онкогинекологтар, цитологтардың қатысуымен онкологиялық аурулардың профилактикасы бойынша және дертті ерте кезеңінде анықтау мақсатында Ашық есік күні өтеді. Бұл жайында «ЖМО профилактикасы, скрининг, адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация» тақырыбында болған баспасөз конференциясында айтылды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласында жатыр мойны қатерлі ісігімен 490 әйел есепке алынған. Айта кеткен жөн, онкоауруларға шалдығудың статистикасына зер салғанда әйелдердің жатыр мойнының қатерлі ісігі үшінші орында тұр.   2017 жылы осы дерттің тырнағына ілінгендер саны 436 болған екен, яғни өткен жылмен салыстырғанда аурудың өскені байқалып, өлім-жітім 100 мың халыққа шаққанда 2,5-тен 2,7 дейін артып отыр. 

Жыл сайын 80-нен (8,2) астам әйел жатыр мойны обырымен ауырып, 29 әйел (2,7) қайтыс болатынын айтқан мамандар, қатерлі дерттің алдын алу мақсатында ертең, 26 қаңтарда елордалық қыз-келіншектерді Манас 17, Онкологиялық диспансерде Ашық есік күні келіп тексеріліп кетуге шақыратынын жеткізді.  

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ