26 Қаңтар, 2019

Қостанайда азаматтық қоғамның «QazTalks» ашық конфеернциясы өтті

606 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде өткен жастардың ашық конференциясына азаматтық сектордан, бизнес пен ғылыми қоғамдастықтардан өкілдер қатысты. Осымен алтыншы рет бас қосып отырған жастар «Әлемдегі жаһандасу жағдайында жастардың бәсекеге қабілеттілігі» деген тақырыпты талқылады.

Қостанайда азаматтық қоғамның «QazTalks» ашық конфеернциясы өтті

«Бұл конференция 2018 жылы облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен басталған болатын. Оның негізгі мақсаты – жастар үшін және жалпы азаматтық қоғамда Елбасы бастамаларын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, оның бағыттарын түсіндіріп, оны неғұрлым тереңірек білуін қамтамасыз ету болатын. Бүгінгі ашық конференцияға біз 4 спикер шақырдық. Бүгінгі тақырып жастардың бәсекеге қабілеттілігі болғандықтан, спикерлер оны өздерінің салаларында алып қарайды. Жастардың қойған сұрақтарына жауап береді, тақырыпты ортақ талқылайды» деді Облыстық ішкі саяса басқармасының бөлім басшысы Абылай Кәкенов.

Биыл жастар жылы болғандықтан Облыстық ішкі саясат басқармасы қызметкерлері ашық конференцияның тақырыбын осылай жастарға арнапты. Конференцияда республикалық, халықаралық ІТ олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы Максим Рюмин, «Уникум» жылдам оқу және интеллектіні дамыту мектебінің жетекшісі Шолпан Нұрқанова, өзіндік даму жолында тренингтер өткізіп жүрген Владимир Алексанин, «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшысы Әлібек Мұхамеджанов жастарға жетістіктері туралы айтып берді, көкейде жүрген ойларын ортаға салды, сұрақтарға жауап берді.

Абылай Кәкеновтың айтуынша, әлеуметтік желілер арқылы арнайы онлайн алаңын құрып, пікірталас алаңында айтылған мәселелерді, онда жиналған ойларды, бастамаларды түгендеп, олардың жүзеге асу жақтары қарастырылады.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

Egemen Qazaqstan

Қостанай