«Бүгін Астана уақытымен 07.30-да Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына «Air India» әуе компаниясының «Дели-Чикаго» бағытындағы ұшағы шұғыл жағдайда қонды. Жолаушылардың бірі демікпемен ауыратын болған, оның жағдайы нашарлаған. Әйел мен оның екі туысы Астананың №2 ауруханасына жеткізілді», - делінген ресми хабарламада.
Әйел адамды екі туысымен бірге қалалық № 2 ауруханасына жеткізген.
Boeing 777 ұшағының бортында 341 жолаушы және 19 экипаж мүшесі болған. "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында ұшаққа жанармай құйып, техникалық бақылаудан өтті.