26 Қаңтар, 2019

Нью-Йоркте ұсталған қазақстандық қыз босатылды

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алаяқтық күдігімен Нью-Йоркте тұтқындалған қазақстандық тергеу жұмыстары аяқталғанша бостандықта болады.

Нью-Йоркте ұсталған қазақстандық қыз босатылды

Осыған дейін CBS NewYork телеарнасының мәліметін жариялаған едік, 24 қаңтарда полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 24 жастағы Махаббат Әбдуалиеваны ұстаған. Қазақстандық қыздың адамдарға өзін жылжымайтын мүлік жөніндегі агент ретінде таныстырып, 2018 жылдың сәуір-шілде айлары аралығында бірнеше адамды тонағаны айтылады. Ол Facebook желісінде пәтерлер жайлы хабарламалар жариялап, өзін риелтормін деп алдап жүрген.

Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

«Иә, Махаббат Әбдуалиева - шынымен де Қазақстан азаматы. Оған алаяқтық бойынша айып тағылып отыр. Адвокаттар мен консулдардың күш салуымен қазақстандық қыз босатылды. Барлық тергеу жұмыстары аяқталғанша бостандықта болады. Негізгі сот тыңдалымы наурыз айына жоспарланған», - деп жауап берді Айбек Смадияров.