Аймақтар • 27 Қаңтар, 2019

Астанада Jastar Synergy хабы құрылады

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жастар хабы шығармашылық әлеуетті жүзеге асыру орталығы болмақ. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Астанада Jastar Synergy хабы құрылады

«Мен біздің жастарымыздың нақты алаңы – «Жастар үйі» болуы тиіс деп айтқан болатынмын. Сондықтан біз дереу «Жастар» сарайын жөндеу туралы шешім қабылдадық. Бұл бір ғимаратта жастарға арналған коворкинг-орталық, «Рухани жаңғыру» қалалық жобалау кеңсесі, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы сияқты үш бағыт жүзеге асырылады. Жақын арада біз оны таныстыруымыз керек», - деді Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысында.

Осылайша, жаңа орталықта елорда жастарының шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін барлық жағдай жасалады.

Мұнда жастар үшін қазіргі заманғы коворкинг, ашық кітапхана, «Рухани жаңғыру» қалалық-жобалық кеңсесі, жастар ҮЕҰ-на арналған азаматтық бастамалар орталығы, «Жас сарбаз» қалалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қоғамдық бірлестігі және астаналық баспасөз орталығы құрылады.