Қазақстан • 27 Қаңтар, 2019

Қазақстандық боксшы WBC чемпионы атанды

605 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық 20 жастағы боксшы Садриддин Ахмедов (7-0, 7КО) WBC нұсқасы бойынша жастар арасында бірінші орта салмақта әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Қазақстандық боксшы WBC чемпионы атанды

Кәсіпқой рингте жетінші рет кездесу өткізген С.Ахмедов Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino ойын-сауық орталығында өткен жекпе-жекте Мексика боксшысы Абрахам Хуаресті (13-2, 5 КО) төртінші раундта нокаутқа жіберді.

Жалпы, жекпе-жек он раундқа есептелген болатын. Алайда қарсыласын екі рет докдаунға жіберіп, ақыры нокаутқа түсірген С,Ахмедов жастар арасындағы WBC белдігінің иегері атанды. Айта кету керек, жерлесіміз әзірге жеңілген емес.