Аймақтар • 27 Қаңтар, 2019

Жастардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін сайт іске қосылды

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында жастардың жұмыспен қамтылу деңгейі мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған сайт іске қосылды. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жастардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін сайт іске қосылды

«ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп,  2017-2021 жылдары Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының барысы туралы ақпарат беретін сайт құрды.

Оның мақсаты - 2019 жылдың 25 мамырына дейін жұмыссыз жастардың 3 пайызын тарту», - делінген таратылған ақпаратта.

«Еңбекке жол» жобасы үш бағыт бойынша жұмыс істеп жатқаны атап өтіледі: бағдарлама қатысушыларына техникалық және кәсіби білім беру, қысқамерзімді оқыту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және еңбек ресурстарының мобильділігі арқылы еңбек нарығын дамыту.

Бағдарламаға 9-11-cынып оқушылары, кәсіби білімі жоқ және білім мекемелеріне оқуға түспеген тұлғалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жұмыс іздеп жатқан немесе жұмыссыз адамдар қатыса алады.